$ 498.34  519.72  4.85

Цой коронавирусқа қарсы ревакцинацияның алдын ала мерзімін атады

Ол мұны әріптестерімен талқылап, кейін ДДСҰ-мен кеңесетінін түсіндірді.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы ревакцинацияның болжамды мерзімін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз ревакцинацияны жоспарлап отырмыз. Қазір жолдарын анықтап жатырмыз. Ревакцинация екі түрге бөлінеді. Жедел ревакцинация - ұжымдық иммунитет алынғанға дейін жалпы - 60-70 пайыз. Жоспарлы ревакцинация. Бұл әдетте жылына бір рет жасалады. Қазір соны бөліп жатырмыз. Себебі, Қазақстан кейінірек, ақпаннан бастап вакцинацияны бастады. Негізгі масса маусым-шілдеде вакцина алды, антиденелер әлі де жаңа, деңгейі жоғары. Сондықтан, екінші дозаны алғаннан кейін шамамен 9 ай өткен соң, күнтізбеге енуі мүмкін, - деді Цой Telegram-дағы Coronavirus2020.kz-арнасы жариялаған видеода.

Ол мұны әріптестерімен талқылап, кейін ДДСҰ-мен кеңесетінін түсіндірді. Оның айтуынша, негізінен ревакцинация туралы вакцинацияны былтыр бастаған елдер - АҚШ, Израиль, Ресейде айтылған.

"Олар алғашқы вакцинаны алғаннан бері 9 айдан аса уақыт өтті. Қазақстанда ревакцинация ақпанның басында екпе алған азаматтар үшін қазанға қарай анағұрлым өзекті болады", - деп толықтырды министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары