$ 444.22  476.38  4.82

Батыс Қазақстанда ашуға берілген ер адам туған шешесін өлтіріп алды

Бір дастарқан басындағы "тойлатудан" кейін орын алған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Батыс Қазақстан облысында ер адам өзінің туған шешесін өлтірді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мой город" порталы хабарлағандай, қайғылы оқиға 9 тамызда сағат 18:00 шамасында Бәйтерек ауданында орын алды.

Ана мен бала арасындағы жанжал, БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарланғандай, бір дастарқан басындағы "тойлатудан" кейін орын алған.

61 жастағы әйелдің денесі табылды. Барлық қызметкерлерге ескерту берілді, іздестіру шаралары жарияланды. Күдікті ұсталды. Бұл фактіні жасырып, тергеуді адастыруға тырысқан марқұм әйелдің 35 жастағы ұлы болып шықты. Анықталғандай, күдікті мен оның анасы арасында жанжал туындап, ашу кезінде ол әйелдің кеудесіне жарақаттаған. Әйел алған жарақатынан қайтыс болды, - дейді БҚО ПД басшысы Мақсұтхан Әбіләзімов

Бұл фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі, "Адам өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полициядағылар тергеу аяқталғаннан кейін толық ақпарат беруге уәде етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары