$ 494.87  520.65  4.91

«Олимпиада нәтижесіне тиісті тұлғалар жауап берсін» - Мырзағали Айтжанов

Сәкен финалға өтуге бір қадам қалғанда төрешілердің әділетсіздігінің құрбаны болды. Оны бүкіл әлем көріп білді. Тіпті, кездесу аяқталған соң төрешілер жеңді деп есептеген ұлыбританиялық Галал Яфайдың бапкерлері келіп, бізден кешірім сұрағандай болды. Бірақ, одан не пайда?
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Токио-2020 Олимпиадасында Қазақстан спортшылары тұңғыш рет Алтын және Күміс медальсыз қайтты. Бұл отандық спорт жанкүйерлері арасында түрлі пікір айтылуына себепкер болды. Осыған байланысты ЭК тілшісі белгілі бокс жаттықтырушысы, Мырзағали Айтжановтың пікірін білген еді.

Аға, өзіңіз дайындаған шәкіртіңіз Сәкен Бибосыновқа жеке жаттықтырушысы ретінде Токио Олимпиадасына барып қайттыңыз. Биыл спортшыларымыз бас-аяғы 8 қола медальмен ғана шектелді. Осыған байланысты не айтасыз?

— Өзің айтқандай, мен Токиоға тек Сәкен Бибосыновтың жеке жаттықтырушысы ретінде бардым. Сондықтан осы Сәкеннің жекпе-жегі туралы айтып өтейін. Ол жартылай финалға дейін де, жартылай финал кезінде де өте жоғары дәрежеде өнер көрсетті. Тек, финалға өтуге бір қадам қалғанда төрешілердің әділетсіздігінің құрбаны болды. Оны бүкіл әлем көріп білді. Тіпті, кездесу аяқталған соң төрешілер жеңді деп есептеген ұлыбританиялық Галал Яфайдың бапкерлері келіп, бізден кешірім сұрағандай болды. Бірақ, одан не пайда?

Өзіңіз де бір кезде бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері болдыңыз. Ел құрамасын Рио-де Жанейроға алып бардыңыз. Осы Токиодағы Олимпиадада біздің спортшыларға не жетіспей қалды?

— Мен оны нақты айта алмай алмаймын. Бірақ осы додаға барарда ел басшыларынан міндеттеме алып, жауапкершілікті арқалап барған тиісті тұлғалар бар ғой. Солар жауап беруі керек деп ойлаймын.

Мемлекет басшысы да бұл нәтижеге көңілі толмайтынын айтты?

— Ия. Мемлекеттің экономикалық, басқа да әлеуеті бұдан да төмен кезде де 6 рет Олимпиадаға қатысып, бұл жолғыдан әлдеқайда жоғары көрсеткішке қол жеткіздік. Мәселен, 1996 жылғы Тәуелсіз мемлекет ретінде алғашқы қатысқан Атланта Олимпиадасында 24-орында болдық. Бұған дейінгі Олимпиадаларда ең төменгі көрсеткішіміз сол 24-орын болған. Қазақстан үшін 83-орынға дейін құлдырау деген масқара. Сондықтан, Президентіміздің көңілі толмауы орынды. Қандай карантиндік жағдайлар болса да, мемлекет Олимпиада үшін қажет қаражатты тауып берді. Сондықтан, тағы да қайталап айтайын, бұл мәселеге мойнына жауапкершілік алған азаматтар жауап беруі тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары