$ 443.35  475.54  4.82

Нұр-Сұлтанда құрылысшылар төбелесіп қалды (ВИДЕО)

Құрылыс бригадалары арасында өзара сөзге келудің соңы төбелеске ұласқан.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтанда құрылысшылардың жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Төбелестің видеосы Instagram желісінде жарияланды.

Елордалық полиция департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде құрылыс алаңындағы жұмысшылар арасында орын алған төбелестің видеосы анықталғанын хабарлады.

Оқиға 6 тамызда күндіз Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі құрылыс алаңының аумағында болғаны анықталды. Құрылыс бригадалары арасында өзара сөзге келудің соңы төбелеске ұласқан. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Оқиға кезінде 102 арнасына ешқандай қоңырау түскен жоқ. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр, - деді Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары