Электр бағанасын жөндеуге келген екі электр маманы мінген кранның көтергіші құлап, салдарынан бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды ЭК.
Бір жұмысшы ауруханада қайтыс болса, екінші адам ауыр хәлде Атырау облыстық ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды. Екеуі де "Атырау Жарық" АҚ жұмысшылары.
23 жастағы науқас әлі де ауыр хәлде жатыр. Оның қаңқалары мен иығы сынған. Оған ота жасалатын болады
деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі