Иманов және Уәлиханов көшелері бойынша жол учаскесі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылды. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.
«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Иманов және Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 2021 жылдың 14-15 тамыз аралығында автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады. Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.