16.08.2021, 16:00

Ауғанстанның әскери ұшағы Өзбекстанға құлады (ФОТО)

Фото: Topnewsuz / Telegram
Ғаламторда апатқа ұшыраған ұшақтың бөліктері мен құрбанның фотосуреттері мен видеосы тарады.

Өзбекстанның Сурхандария облысына Ауғанстанның белгісі бар ұшақ құлады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Gazeta.uz" ақпаратына сәйкес, 15 тамыз күні кешке Ауғанстан әуе күштеріне сәйкес белгілері бар ұшақ Сурхандария облысының Шерабад ауданында апатқа ұшырады. Ғаламторда апатқа ұшыраған ұшақтың бөліктері мен құрбанның фотосуреттері мен видеосы тарады.

Ауғанстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жағдайды зерттеп жатқанын хабарлады.

Газет дереккөзінің хабарлауынша, екі ауған әскери қызметкері ауруханаға жатқызылған.

Расталмаған ақпарат бойынша, ұшақтағылар парашютпен секіріп үлгерген.

14 тамызда Өзбекстан шекарадан өткен 84 ауған әскери қызметшісін уақытша қабылдап, оларға медициналық көмек көрсетті.

15 тамызда Ауғанстан президенті Ашраф Ғани отставкаға шығып, елден кетті. Осыдан кейін тәліптер Кабулға кіріп, президенттік сарайды басып алды және енді мемлекеттің бұрынғы атауын қайтарылатынын жарияламақшы.