$ 448.56  478.03  4.79

Тұрсынбек Қабатов қызына қатысты даудың мән-жайын түсіндірді

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында видео жариялады.

Атақты әзілкеш Тұрсынбек Қабатов қызына қатысты даудың мән-жайын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Айта кетейік, БАҚ-та Қабатовтың қызы ҰБТ-ға өз орнына басқа адамды кіргізді және жалған жеке куәлік жасатты деген хабар тараған еді.

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында видео жариялады. Роликте ол Нұрбек есімді ер адаммен сөйлеседі. Нұрбек, соған қарағанда, жалған құжат жасау бойынша істе күдікті болып отыр. Әзілкеш қызы шетелдегі жоғары оқу орнында оқитынын, сондықтан ҰБТ нәтижесі аса маңызды емес екенін мәлімдейді.

Қабатов телефон арқылы диалогта қызы армандап жүрген сәулет-құрылыс мамандығы бойынша шетелдік оқу орнына баратынын, алайда қазір жағдайы нашар екенін айтады. 

Айта кетейік, 15 тамызда адвокат Абзал Құспан Facebook желісінде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы ҰБТ-ға өзге біреуді кіргізгенін, тіпті жалған жеке куәлік жасатқанын жазған еді. Кейін қалалық ПД өкілдері де оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Биылғы 13 маусымда "102" арнасына Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу кезінде ҰТО қызметкерлері жалған жеке куәліктері бар түлектерді анықтағаны туралы хабарлама келіп түсті. Тергеу барысында жалған куәлік жасау бойынша 22 жастағы күдікті анықталды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полициядағылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары