$ 494.87  520.65  4.91

«Араға адам салып, ол кісіден бір нәрсе бопсалау ойымда жоқ»: Абзал Құспан «Тұрсынбекке жала жапты» деп өзін сынап жатқандарға жауап берді

Бүгінгі пост кибербуллингке жатпайды, себебі мен Т.Қабатовты, ол мені танымайды, араға адам салып, ол кісіден бір нәрсе бопсалау ойымда жоқ, ақпарат шындық және ол жазбамда ешкімнің жеке басына, ар-намысына тиіскенім жоқ.

Бүгінгі Тұрсынбек Қабатовтың қызына қатысты, шап-шағын ғана постым астында оқырмандар тарапынан көптеген сұрақтар, ұсыныстар түскен екен. Осыны пайдаланып, алдыңғы кибербуллинг туралы постымның жалғасын жазайын, әрі сұрақтардың негізгі бөлігіне жауап бере кетейін. 
1. Бүгінгі постты кибербуллингке жатқызуға бола ма? 
2. Бізде кибербуллинг туралы арнайы заң бар ма? Ондай заң бізге керек пе?
3. Кибербуллингтің негізгі белгілері қандай? 
4. Қолданыстағы қай заңдарды аналогия ретінде қолдануға болады? 
Жауаптар:
1. Бүгінгі пост кибербуллингке жатпайды, себебі мен Т.Қабатовты, ол мені танымайды, араға адам салып, ол кісіден бір нәрсе бопсалау ойымда жоқ, ақпарат шындық және ол жазбамда ешкімнің жеке басына, ар-намысына тиіскенім жоқ. 
2. Бізде арнайы заң жоқ. Қазір қоғамдағы белсенді азаматтар, бастамашы топ құрып, осыған кірісіп жатқанынан хабардармын. Ондай заң сөзсіз қажет, себебі интернет желісінде буллинг әрекеттері көбеюде. Ол бөлек қоғамдық қатынас болғандықтан заңды реттеуді сөзсіз қажет етеді!
3. Осы тақырыпқа қатысты зерттеу барысында әлем бойынша, тіпті ділі бір Европа елдерінің өзінде заңдар әртүрлі екенін байқадым. Сонымен қатар, ортақ белгілері де бар, олар мыналар;
Ең бірінші белгісі, ол - көрінеу жалған не тексерілмеген ақпарат тарату, жала жабу.
2). Қудалау, яғни белгілі-бір адамды объект ретінде алып, оған қарсы сериялы мақалалар, посттар жариялау. 
3). Сол жазбаны жарияламау не алып тастау үшін - бопсалау (ақша талап ету, басқа да талаптар қою, қызмет салу). 
4). Мақала (пост) кейіпкерінің жеке басына, ар-намысына тиісу, адамгершілік қасиеттерін аяққа таптау. Былапыт сөздер қолдану. 
5). Шынайы бет-бейнесін жасырып, яғни фейк аккаунттар арқылы әрекет ету. 
6). Жазбаларын өз мүддесінде пайдалану, яғни өзара ренішке байланысты, өш алу, кек қайтару, мұқату, не бизнестегі, қызметтегі жағдайларға әсер ету, саяси мақсатта пайдалану, аяқтан шалу мақсатында ашық пайдалану.
7). Ауыр зардаптарға әкеп соғуы және салдардың (последствия) жоғарыда аталған заңсыз әрекетермен арада себепті байланысы (причинная связь) болуы шарт. 
(Ескерту: 7-ші белгі , Қазақстан, Ресей сияқты кибербуллинг туралы арнайы заң қабылдамаған елдерге тән!).
4. Болады. Өзіңізге қарсы буллинг жасады деп есептесеңіз, Қазақстан заңнамасында үш жолмен қуына аласыз; 
1. Азаматтық, 2. Әкімшілік, 3. Қылмыстық. Ол туралы ертеңдері жазатын боламын.

Жазба Абзал Құспанның фейсбук парақшасынан алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары