$ 494.87  520.65  4.91

Жантүршігерлік жол апаты: Ақтөбе облысында бір отбасының төрт мүшесі мерт болды

Оқиға Ырғыз ауданынының аумағында болған.
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

16 тамыз күні сағат 19:15-те Ырғыз ауданы Қалыбай кентінің жанындағы Самара-Шымкент автожолында (аудан орталығынан 90 шақырым жерде) бірнеше адамның өліміне әкеліп соққан жол апаты болды.  

Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, 39 жастағы (Шалқар ауданының тұрғыны) Nissan X-Trail автокөлігінің жүргізушісі Қалыбай ауылына жақын жерде Қырғызстан азаматының басқаруындағы Volvo FH460 жүк көлігімен соқтығысқан.  

Жол апаты салдарынан Nissan X-Trail автокөлігінің жүргізушісі, оның әйелі мен 11 жастағы ұлы оқиға орнында көз жұмып, 5 жасар ұлы мен 10 жастағы қызы Ырғыз ауданының орталық ауруханасына жатқызылған.

Алайда, ауруханаға жеткізілген бес жасар ұлы да көз жұмды.  ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары