17.08.2021, 19:45

Жол бойында билейтін елордалық қызға шабуыл жасалды

Фото: ашық дереккөзі
Факт бойынша қылмыстық іс қозғалғаны анықталды.

Нұр-Сұлтанда белгісіз ер адам қала көшелері бойында билейтін қызға шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан полициясы мәліметінше, оқиға 16 тамызда болған.

"16 тамызда сағат 20.36-да 102 арнасына елорда тұрғынынан қоңырау түсті. Белгісіз ер адам оны ұрып кеткен. Қыз кешке Мәңгілік Ел - Керей мен Жәнібек хандар көшесі қиылысында билегені анықталды. Оған белгісіз ер адам келіп, үйіне қайтуын сұраған. Бірақ қыз оған келіспегендіктен, ер адам аяғынан сыммен соққан", - деді қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Факт бойынша қылмыстық іс қозғалғаны анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта ер адамның жеке басын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Кейінгі уақытта елорда тұрғындары көшелер қиылысында билейтін қыздың әрекетіне аң-таң. Қыздың өзі билегенді ұнататынын және жұмыстан қайтқан адамдардың көңілін көтергісі келетінін айтты.

Алайда 5 тамызда кешкі уақытта оның кезекті биін полиция қызметкерлері тоқтатып, профилактикалық әңгіме жүргізген.

Тегтер: би жол