$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстауда банк қызметкері клиенттердің шотынан 90 млнн теңге ұрлаған

Сот шешімімен ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Маңғыстау облысында банк қызметкері клиенттердің шотынан 90 миллион теңгеден астам (212 мың доллар) ақша ұрлады. Бұл туралы  қаржы мониторингі агенттігі хабарлады, деп жазады «Айқын» басылымы.

Бір жыл бұрын банк қызметкері клиенттердің шотынан 90 миллион теңгеден астам ақшаны шешіп алған. Ол қаражаттың бір бөлігін букмекерлік кеңсе арқылы қолма-қол ақшаға айналдырыпты.

Сот шешімімен ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Агенттік өкілдері Қазақстан аумағында онлайн-казинолардың қызметіне «Ойын бизнесі туралы» заң бойынша тыйым салынғанын еске салады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#маңғыстау