18.08.2021, 10:00

Қазақстанда мұғалімдер 25 тамызға дейін вакцинациялануы керек

Фото: ашық дерекөз
Премьер-министр Асқар Мамин қазақстандық мұғалімдерге 25 тамызға дейін толық вакцинациядан өту қажеттігін айтты.

"Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Вирустың репродуктивтілік индексі – 0,97. Ауруханалардағы орын 53 және реанимациялық бөлімдері 47 пайызға пайызға жүктелген. Вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар саны 6,1 млн. адамнан асты, екінші компонент 4,8 млн-нан астам адамға салынды", - дейді Мамин. 

Премьер-министр оқушылардың қауіпсіздігі үшін мұғалімдер оқу жылы басталмас бұрын вакцинациялануы қажет екендігін жеткізді. 

"Оқу жылына дайындық аясында мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға қарай аяқтап, оқу орындарының дайындығын бақылауды күшейту қажет", - деді Асқар Мамин.