Қазақстанның 2021 жылдың 19-21 тамызына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында жылы ауа температурасы сақталады.
“Антициклонның әсерінен, Қазақстанның бүкіл аумағында жаңбырсыз ауа- райы күтіледі. Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста, фронтальді бөліктердің өтуімен қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болжанады. Солтүстікте 23-30 градусқа, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 25-40 градусқа, орталық пен шығыста 17-35 градусқа дейін ауа температурасының жоғарылауы күтілуде. Ал Қазақстанның батысында болса, ыстық ауа-райы сақталады және негізгі фондық температура 32-41 градус аралығын қамтитын болады”, – дейді синоптиктер.