$ 498.34  519.72  4.85

Тәліптер наразылыққа шыққан тұрғындарға оқ жаудырды

Тәліптер Ауғанстанның Нангархар провинциясында мемлекеттік туды қолдау үшін наразылыққа шыққандарға оқ жаудырған. Қаза тапқандар мен жараланғандар бар.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Тәліптер Ауғанстанның Нангархар провинциясында наразылыққа шыққандарға оқ жаудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазақстанда "Талибан" қозғалысына Жоғарғы сот шешімімен тыйым салынған.

Тәліптер Ауғанстанның Нангархар провинциясында мемлекеттік туды қолдау үшін наразылыққа шыққандарға оқ жаудырған. Бұл туралы РИА Новости басылымына тұрғындар арасындағы дерекөз хабар берген. Басылым мәліметінше, қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

Әсіресе соңғы апталарда Ауғанстандағы жағдай күрделене түскен. Жексенбіде БАҚ пен ақпарат көздері көтерілісшілер шекараның барлық өткелін бақылауға алғанын хабарлады.

Еске салайық, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулды басып алып, президент сарайына басып кірді. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Талибан Ауғанстан Ислам Әмірлігін құруға ниет білдірді. Кабул әуежайында дүрбелең басталды - Ауғанстаннан шығудың жалғыз жолы. Мыңдаған адам елден кету үшін, Кабул әуежайындағы әскери ұшаққа жармасты. 

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Ауғанстаннан босқындарды қабылдайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауғанстаннан келген босқындарға қатысты шешім қабылдамағанын айтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары