18.08.2021, 18:20

QazVac Қырғызстанда ресми түрде тіркелді

Фото: ашық дерекөз
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook парақшасында мәлім етті.

Қазақстандық QazVac вакцинасы Қырғызстанда ресми түрде тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook парақшасында мәлім етті.

«QazVac Қырғызстанда ресми тіркелді», - деп жазды министр.

Еске салсақ, QazVac вакцинасының 25 мың дозасы Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде жеткізілген болатын. Осыдан бір ай бұрын Президент Үкіметке QazVac-ты экспорттау мәселесін пысықтауды тапсырған еді. Ал әлемге танымал The Lancet журналында «QazVac» вакцинасы туралы мақала шықты.

«The Lancet журналы отандық «QazVac» вакцинасын клиникалық зерттеудің 1-2 фазасының нәтижелері туралы мақаланы қабылдап, электрондық нұсқасын басып шығарды. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарын мақаланың жариялануымен құттықтаймын!», - деген болатын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.