Жаттығу жұмыстарын Ислам Performans Spor Kulübü спорт залында өткізіп жатыр. Боксшы бір апта бұрын дайындыққа кіріскен. Ал бұған дейін Қазақстанда болған еді. Негізі Қанат Ислам маусым айында жекпе-жек өткізу керек еді. Алайда белгісіз себептерге байланысты кездесу өтпей қалды.
Соңғы рет ол 21 ақпан күні Майами (Флорида штаты, АҚШ) қаласында эквадорлық Джейсон Миндаға (14-4-1, 8 КО) қарсы өткізіп, жетінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.