15 тамызда «Талибан» содырлары (террористік деп танылған және Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстан астанасы Кабулды басып алып, президент сарайын иеленді. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігіне жаңа билік келгенін жариялады.
Бұл жағдай Ауғанстанның Қазақстанмен қарым-қатынасына қалай әсер етті?
QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы мәліметіне сәйкес, 2020 жылы екі ел арасындағы сауда қатынастары 623,6 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт үлесі - $621,9 млн, импорт үлесі - $1,7 млн.
Ал 2021 жылдың қаңтар айынан бастап бұл көрсеткіш 229,7 млн АҚШ долларын құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, бұл 15,3%-ға төмен. Оның ішінде экспорт үлесі 15,7%-ға төмендеп, 228,0 млн АҚШ долларын құрады.
Қазақстаннан экспортталатын тауар түрлерінің ТОП-бестігі мынадай:
Бидай ұны – 123 мың АҚШ доллары (54%); Бидай – 72 мың АҚШ доллары (31%); Табиғи газ – 9 мың АҚШ доллары (4%); Қоспаланған болат – 4 мың АҚШ доллары (2%); Кептірілген көкөністер – 4 мың АҚШ доллары (2%).
2021 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанға Ауғанстаннан импорт 2,3 есеге өсіп, 1,7 млн АҚШ долларын құрады.
Ал 2020 жылы Ауғанстаннан импортталған негізгі тауарлар:
Жүзім – 545 мың АҚШ доллары (31%); Альюминий – 416 мың АҚШ доллары (24%); Картоп – 292 мың АҚШ доллары (17%); Қара металл өнімдері – 149 мың АҚШ доллары (9%); Минералды газдалған су – 123 мың АҚШ доллары (7%).