Сарыағаш АПБ-ның тәртіп сақшылары "Автомобиль" іс шарасы барысында түнгі уақытта күдік тудырған Ресей автокөлігін тоқтатады.
Тексеру кезінде "Ваз-2105" автокөлігінің оң жақ қауіпсіздік белбеуінің жанынан қос ауызды шолақ мылтық табылды.
Сарыағаштық полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша тіркеп, күдікті азаматты полиция бөліміне жеткізді.
Белгілі болғандай қару еш жерге тіркелмеген заңсыз болып шықты. Анықталғандай күдікіті Сарыағаш қаласының тұрғыны болып шықты. Бүгінгі таңда күдікті азамат қолхатта. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің жиналған материалдары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға атыс қаруын қолданумен қылмыс жасағаны, сондай-ақ атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.