$ 494.87  520.65  4.91

Сәтбаевта белгісіз біреулер 41 жастағы қала тұрғынын атып өлтірді

Қазіргі уақытта аталған қылмысты ашуға бағытталған барлық қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Бүгін түнде Сәтбаев қаласында белгісіз біреу 41 жастағы қала тұрғынын атып өлтірді. Ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20 тамыз күні сағат 01.00-де белгісіз тұлға атыс қаруын қолданып, Сәтбаев қаласының 41 жастағы тұрғынын өлтірді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» әрекеті бойынша қылмыстық іс тіркелді.

«Оқиға орнында Қарағанды облысы Полиция департаментінің және Сәтбаев қаласының полиция басқармасының жедел-тергеу топтары жұмыс істеуде. Жасалған қылмыстың түрлі нұсқалары тексерілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталған қылмысты ашуға бағытталған барлық қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары