$ 443.85  474.3  4.8

Қазақстандық паралимпиадашылар Токиодағы жарысқа аттанды

Токио-2020 XVI жазғы Паралимпиада ойындары 2021 жылдың 24 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығында өтеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан паралимпиада құрамасы Жапонияға аттанды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Айта кетейік, Токио-2020 XVI жазғы Паралимпиада ойындары 2021 жылдың 24 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығында өтеді.

Қазақстаннан келесі спортшылар қатысады: Сиязбек Далиев, Нұрәлі Совканов, Зульфия Габидулина, Роман Агалаков, Әлия Рахымбекова, Нұрдәулет Жұмағали, Ержан Сәлімгереев (пара жүзу), Дастан Мұқашбеков, Салтанат Әбілхасымқызы (пара жеңіл атлетика), Аманжол Жанбота, Зарина Байбатина, Дәулет Теміржан, Даяна Федосова, Әнуар Сариев, Ғалымжан Смағұлұлы (пара дзюдо), Спатай Бибарыс (каноэ жұбы), Нұрлан Домбаев, Нышан Өмірәлі, Камиля Досмалова (пара таеквондо), Давид Дегтерев, Раушан Қойшыбаева, Рахмеджан Хамаев, Гүлбану Абдыхалықова, Алина Солодухина (пара пауэрлифтинг) және Айсұлу Жұмабаева (жұп оқ ату).

Сонымен қатар, Халықаралық паралимпиада комитеті қазақстандық дзюдошы Ерлан Өтеповке (100 кг) тағы бір лицензия бөлгені белгілі болды. Ерлан пара дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2019 жылғы Азия және Океания чемпионатының жеңімпазы.

Токио-2020 Паралимпиада ойындарында спорттың жеті түрі бойынша 26 қазақстандық спортшы өнер көрсетеді. Ұшу алдында барлық атлеттер екі апталық карантиннен және Алматы мен Алматы облысында соңғы жиыннан өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары