$ 444.22  476.38  4.82

Оралда жұмысшы тоғыз қабатты үйдің төбесінен құлап, қаза болды

Ер адам ауыр жарақат алып, сол жерде қаза болды.

Оралда тоғыз қабатты үйдің төбесінен құлап кеткен жұмысшы қаза болды. Ер адам бірінші қабаттағы балконның шатырына құлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 21 тамызда сағат 9.00-де Құрманғазы көшесіндегі №150 үйде болған.

БҚО ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, 40 жастағы ер адам шатырда құрылыс жұмыстарын істеп жүріп абайсызда құлап кеткен. Ол бірінші қабаттағы балконның шатырына құлаған.

"Ер адам ауыр жарақат алып, сол жерде қаза болды", - деді БҚО ТЖД өкілі.

Қала әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, онда "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту" бағдарламасы бойынша тұрғын үйдің шатырын жөндеу жұмыстары жүріп жатқан.

Полиция қайғылы жағдайды "жазатайым оқиға" ретінде тіркеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Орал