Тәліптер Ауғанстан президентінің кіші інісі Хашмат Гани өздерінің қатарына қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ганидің ағасы Хашмат Гани Халил Ар-Рахман Хакканидің қатысуымен Талибан жүйесіне ант берді", – делінген мәлімдемеде.
Бұған дейін жергілікті Shamshad News телеарнасы Кабулда "Талибанмен" тығыз байланыс орнатқан "Хаккани желісі" террористік тобының жоғары дәрежелі мүшесі Халил Аль-Рахман Хаккани мен Ауғанстанның бұрынғы премьер-министрі мен Ауғанстан Ислам партиясының жетекшісі Гүлбеддин Хекматиярдың кездескенін мәлімдеген.
Белгілі болғандай "Талибан" қозғалысының саяси кеңсесінің басшысы Молла Барадар сенбіде Кабулға үкімет құру туралы келіссөздер жүргізу үшін келген.
Тамыздың бірінші онкүндігінде тәліптер Ауғанстанда үкіметтік күштерге қарсы шабуылдарын күшейтті. Олардың бақылауында емес жалғыз провинция - Кабулдың солтүстік -шығысында орналасқан Панджшир. 15 тамызда содырлар астанаға кіріп, президент сарайын бақылауға алды. 16 тамызға қараған түні "Талибан" саяси кеңсесінің өкілі Мохаммад Наим Ауғанстандағы соғыс аяқталғанын, штаттағы басқару формасы жақын арада айқындалатынын айтты.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Ауғанстан аумағынан 42 адамды эвакуациялағаны айтылған еді.