22.08.2021, 09:43

Елімізде өткен тәулікте 6725 адамнан коронавирус анықталды

Фото: ашық дереккөзі
Вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 737 мың адамға жуықтады.

Қазақстанда өткен тәулікте 6725 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды деп жазады coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы – 829 Алматы қаласы – 1613 Шымкент қаласы – 336 Ақмола облысы – 281 Ақтөбе облысы – 417 Алматы облысы – 400 Атырау облысы – 287 Шығыс Қазақстан облысы – 176 Жамбыл облысы – 132 Батыс Қазақстан облысы – 135 Қарағанды облысы – 920 Қостанай облысы – 297 Қызылорда облысы – 185 Маңғыстау облысы – 153 Павлодар облысы – 331 Солтүстік Қазақстан облысы – 168 Түркістан облысы – 65.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 736 906 адамға жетіп отыр. Олардың ішінде 610 719 адам емделіп шыққан.

Тегтер: коронавирус