23.08.2021, 09:40

Тоқаев Пусан қаласында ҚР Бас консулдығын ашу туралы жарлыққа қол қойды

Фото: ашық дереккөзі
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы 2021 жылғы 23 тамыз

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.