23.08.2021, 11:20

Ақтауда жылқылар қоқыстан азық іздеп жүр

Lada.kz құзыретті органдардан түсінік күтіп отыр.

Ақтауда жылқылар қоқыс контейнерлерінен азық іздеп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" порталына сілтеме жасап. 

Жергілікті тұрғын Рафаэльдің айтуынша, бүгін таңертең, 22 тамызда 6-шағынауданда жылқыларды көрген.

"Ашыққан жануарлар бұта жапырақтарын жеп тұрса жарайды, бірақ контейнерлерді ақтарғаны. Олар тағдыр тәлкегіне түскені ме?" - дейді Рафаэль.

Lada.kz құзыретті органдардан түсінік күтіп отыр.

Еске салайық, тамыздың басында қала тұрғындары "Ақбота" саябағында, 8-шағынаудандағы №14 үйдің артында және 6-шағынаудандағы №21 үйдің маңындағы ағаш жапырақтарын жеп жатқан жылқыларды видеоға түсірген болатын.