ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов елімізде жиі ұрланатын көлік маркаларын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елімізде жиі ұрланатын көлік маркалары - Мерседес, Тойота, Мазда, БМВ, Фольксваген және Лексус», - деді Қанат Нұрмағамбетов Ішкі істер министрлігінің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның дерегінше, қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде биыл көлік ұрлығының 13,3, ал көлікті айдап кету қылмыстарының 17,8 пайызға төмендегені байқалады. Жыл басынан бері автокөлік ұрлағаны үшін 749 адам, оның ішінде 17 қылмыстық топ ұсталды.