Жаңалықтар 23.08.2021 сағат 17:00

Тоқаев Ауғанстандағы дағдарыстың алдын алу аса маңызды екенін айтты

Қазақстан Президенті ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты.
Тоқаев Ауғанстандағы дағдарыстың алдын алу аса маңызды екенін айтты
Фото: akorda.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты.

Мемлекеттер басшылары Ауғанстандағы жағдай және оның Ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне тигізер әсері туралы пікір алмасты. Сондай-ақ Орталық Азия аймағындағы сын-қатерлердің алдын алуға бағытталған іс-қимылдарды талқылады.

Қазақстан Президенті өз сөзінде барлық сын-қатерлерді, соның ішінде терроризм мен экстремизмнің таралуы, қару-жарақ пен есірткінің заңсыз саудасының артуы, заңсыз көші-қон, босқындардың жаппай қозғалысы, аймаққа деструктивті элементтердің енуі секілді мәселелерді кешенді түрде қарастыру керек екеніне назар аударды.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев ұжымдық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға және Ұйымның шұғыл әрекет етуіне бағытталған бірқатар ұсыныс айтты.

Мемлекет басшысы Ауғанстандағы гуманитарлық және азық-түлік дағдарысының алдын алу аса маңызды екенін де атап өтті.

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы биыл 16 қыркүйекте Душанбе қаласында өтеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар