23.08.2021, 21:10

Нұр-Сұлтанда тұрғындарды вакциналау пунктеріне жеткізетін автобустар пайда болды

Фото: ашық дереккөз
Нұр-Сұлтандағы Сарыарқа ауданы елді мекендерінің тұрғындарын вакцинация пунктеріне жеткізетін арнайы автобустар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Вакцина алатын тұрғындарға ыңғайлы болу үшін Агроқалашық, Көктал-1, Көктал-2 елді мекендерінен емханаларға дейін арнайы автобустар жүреді. 

Автобустардың жүретін уақыты мен орындары туралы ақпаратты елді мекендердің инспекторларынан білуге болады.

Агроқалашық елді мекенінің инспекторы: Ержан Жұмағұлов – 8 701 527 98 99.

Көктал -1 және Көктал-2 елді мекендерінің инспекторы: Самат Топатаев – 8 702 818 88 01.

Қазіргі уақытта елордада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде, сондай-ақ ірі СОО мен СҮ-де 100-ге жуық егу пункті жұмыс істейді.