Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой күздегі коронавирус инфекциясына байланысты жаңа болжамды жариялады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Финансовые услуги оказывает: АО "Жилищный строительный сберегательный банк "Отбасы Банк"
ЖК MONACO RESIDENCE от BAZIS-A
monaco.bazis.kz
Скрыть рекламу:
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың қараша айына дейінгі болжамын жаңартты. Пессимистік сценарий бойынша қыркүйекте тәулігіне тіркелген жағдайлардың орташа саны 6 300 жағдайға дейін, қазанда 2 400 жағдайға дейін болады. Реалистік сценарий бойынша қыркүйекте 5 300 -ге дейін, қазанда 1 800-ге дейін жетеді. Оптимистік сценарий бойынша қыркүйекте 4 200 жағдайға дейін, ал қазанда тәулігіне 1 300 жағдайға дейін тіркеледі, - деді Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында.
24 тамыздағы жағдай бойынша елімізде КВИ-дан 123 226 адам емделіп жатыр, оның 28 577-сі ауруханада, ал 94 649 адам амбулаторлық деңгейде ем алуда.
Ауыр жағдайда - 1824, өте ауыр жағдайда - 555, жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандар - 267 науқас.