$ 449.58  486.94  4.86

«Братуха...»: Желіде полицейді мазақ етіп түсірген ВИДЕО тарады

Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Қостанай облысында тәртіп сақшысын мазақтап, видеоға түсіру фактісі тексерілуде деп хабарлайды Paryz.kz, жергілікті "Алау" телеарнасына сілтеме жасап. 

Кадрда белгісіз ер адам тәртіп сақшысына тіл тигізген сәт түсірілген, бірақ полиция қызметкері психологиялық шабуылға жауап бермей, құтылуға тырысады.

Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Қостанай полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы, 1-бөлімі, "Қызметтік міндеттерін орындау кезінде билік өкіліне тіл тигізу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Бұл баптың санкциясы 80 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе түзеу жұмыстарына жегу, не болмаса 20 тәулікке дейін қамауға алуды қарастырады, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#полицей