Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің күзетшілері Хабар 24 арнасының журналисті Ақбөпе Тәңірбергенді көтерген күйі далаға лақтырып жіберді.
Журналистің видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті.
«Сен – Әкімдік пен Халық арасындағы көпірсің»,-дедіңіздер. Мен желпілдеп жетіп бардым. Әкімдік болса сіздердің көпірлеріңізді далаға лақтырып жіберді. Бітті. Алматы қаласы Алатау ауданындағы әкімдіктен мәңгі естелік. РS: Мама менде бәрі жақсы. Уайымдамаңыз» деп жазды журналист.