25.08.2021, 09:20

Бір күнде 428 адам коронавирус жұқтырған

Ал жазылып шыққандардың саны 57 892 жетті.

Қазақстанда коронавирус пневмониясмен ауырғандар саны 68 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«23 тамыздағы ақпарат бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 428 жағдайы және 26 өлім жағдайы тіркелді.

Оған қоса 172 адам емделіп шықты. 2020 жылдан бастап барлық ауырғандар саны – 68 298, 4 289 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 57 892 жетті», делінген хабарламада.

 

Тегтер: коронавирус