$ 498.51  522.84  4.81

Павлодардың 900-ден астам тұрғыны баспаналы болды

Олардың 706-сы арендалық, 252-сі кредиттік пәтерлер.

Кезекте тұрған 900-ден астам Павлодар облысының тұрғыны баспаналы болды. Бұл туралы облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Өңір басшысының сөзіне қарағанда, жыл басынан бері облыста алты көппәтерлі үй немесе 456 пәтер тапсырылды.

- Қосымша 18 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Пәтер кезегінде тұрған 950 тұрғын баспаналы болды. Олардың 706-сы арендалық, 252-сі кредиттік пәтерлер. Тұрғын үй кезегін сертификат беру арқылы да қысқартудамыз, - деді ол.

Бұл мақсатқа 249 млн теңге көзделген. Бүгінде 83 сертификат табысталды. Биыл облыс орталығында жаңа көп қабатты үй тапсырылады. Жыл соңына дейін Павлодардың Сарыарқа және Достық мөлтек аудандарында жаңа 17 тұрғын үй немесе 230 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Павлодар облысында жалға және несиемен берілетін тұрғын үй құрылысына ерекше көңіл бөлінеді. Одан бөлек Әбілқайыр Сқақов облыстық мәслихаттағы сессия кезінде мүгедек балалары бар отбасыларға төленетін өтемақы артуы мүмкіндігін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары