$ 494.87  520.65  4.91

Ақмолада 7 гектар жер өртеніп кетті

Орман өртін сөндіруге 100-ден астам адам қатысты.

Кеше, 25 тамызда «Көкшетау» МҰТП Зеренді филиалының Грибновское орман шаруашылығы аумағында өрт шықты. Қызыл жалынның алдын ала себебі – өртеу. Осыған байланысты, Зеренді аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Өртті сөндіруге 154 адам мен өрт десанты бар тікұшақ қатысты.

«Орман өртін жоюға 20 бірлік техника, 1 тікұшақ және жеке құрамның 142 адамы, оның ішінде Ақмола облысы ТЖД 5 бірлік техникасы және 51 адам, 6 бірлік техника және орман мекемелерінің 54 қызметкері, «Қазавиаорманқорғау» АҚ 1 тікұшағы, жергілікті атқарушы органдардың 7 бірлік және 33 адам және өртке қарсы құрылымдардың 2 бірлік техникасы мен 4 адам тартылды.

Өрттің күрделілігі қатты жел мен өрттің ағаштардың тәждеріне таралуы болды. Алайда, жедел іс-қимылдар мен құралдардың уақытылы жұмылдырылуының арқасында өрт 18 сағат 50 минутта оқшауланды, қазіргі уақытта қарауылдау жүргізілуде. Орман өртінің ауданы 7 гектарды құрады», - деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында ауа температурасының ыстық болуына байланысты өрт қауіптілігінің жоғары класы сақталып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары