$ 494.87  520.65  4.91

Алматыдағы шекара бөлімшесіне Назарбаевтың есімі берілді

Премьер-министр Асқар Мамин тиісті үкімет қаулысына қол қойды.

Алматы облысындағы "Баянқол" шекара бөлімшесіне Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Премьер-министр Асқар Мамин тиісті үкімет қаулысына қол қойды.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының "Баянқол" шекара бөлімшесінің атауы "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы" шекара бөлімшесі деп ауыстырылсын", – делінген құжатта.

Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#шекара