04.09.2021, 18:40

Алматылық студенттер белсенді түрде вакцина салдырып жатыр

Фото: ашық дерекөз
Қалада егде жастағы екпе алған адам саны 110 мыңға жуықтаған.

Алматылық студенттер белсенді түрде вакцина салдырып жатыр. 

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, студент жастар белсенді түрде вакцина алуды оқу жылы басталмай тұрып-ақ бастап кеткен. «Маусым айында бірінші компонентін 4 676 адам, шілдеде 7 872 студент, тамызда 4 733 адам салдырды. Күн сайын 200-ден астам студент вакцина алады. Студенттер мен екпе салдыруға тілек білдіруші тұрғындар Алматыдағы 160 екпе орталығының біріне жүгіне алады»,- дейді ол.

Студенттердің 93,7%-ы бірінші компонент, ал 79,4%-ы екінші компонент салдырған. Ал жалпы есеп бойынга 2021 жылдың 1 ақпанынан 1 қыркүйегіне дейінгі кезеңде Алматыда бірінші компонентпен 875 165 адам, ал екінші компонентпен 741 412 адам егілді. Вакциналанған адамдардың жалпы санынан 60 жастан асқандар 110 236 адамды құрайды.

Қаладағы медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен сауда орталықтарында 160 вакцина егу пункті жұмыс істейді. Иммундау жұмыстарына 237 бригада жұмылдырылған.