Карашай-Черкесияда үйлену тойы кезінде қалыңдықпен би билеген қонақты атып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.
"РИА Новости" атап өткендей, тергеушілер қылмыстық іс қозғады.
Тергеу мәліметінше, кешке Ноғай ауданының Икон-Халк ауылында екі ер адам арасында тұрмыстық жанжал туындап, өзара кикілжің кезінде бірі екіншісін асқазан тұсынан атқан.
Алған жарақатынан ер адам жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, ал қаскөй оқиға орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды агенттік. Бұл қылмыс бойынша екі адам күдікке ілінді: біреуі ұсталды, екіншісі іздестіріліп жатыр.
Рен-ТВ мәліметінше, оқ атқан жергілікті қылмыс серкесінің баласы көрінеді.