$ 445.66  474.58  4.78

Көптен күткен алтын: Паралимпиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Дегтярев - 2021 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстан Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарда алғашқы алтын медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Оны Давид Дегтярев 54 келі салмақ дәрежесінде парапауэрлифтингтен алды.

Қазақстандық паралимпиадашы бірінші мүмкіндігінде 170 келі, екіншісінде - 172, үшіншісінде - 174 келі көтерді. 

Дегтярев - 2021 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы. Сонымен қатар, ол 2018 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және 2018 жылғы Азия Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

Спорттың осы түрінен Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Алина Солодухина 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бесінші орын иеленді. Ең жақсы мүмкіндігінде ол 83 келіні көтере алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары