$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында жасөспірімдер көкпарға ит тартқан

Куәгер оқиға Фабричный кентінде болғанын жазған. Ол жасөспірімдер көкпар ойынын ұйымдастырып, қойдың орнына басы жоқ итті қолданғанын айтты.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Алматы облысында жасөспірімдер жолдың ортасында көкпар өткізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Куәгер оқиға Фабричный кентінде болғанын жазған. Ол жасөспірімдер көкпар ойынын ұйымдастырып, қойдың орнына басы жоқ итті қолданғанын айтты.

"Біз күтпеген жерден көкпарға куә болдық. Жасөспірімдер қойдың орнына басы жоқ итті алып жүр. Балаларым да көрді, олар жылап, шошып кетті. Бұл қалыпты жағдай ма? Ата-ана неге өз балаларын тәрбиелемейді? Оларға бұл қызық ойын болып көрінеді ме? Демек иттің басын жұлып алу олар үшін үйреншікті болғаны ғой. Бұл - қатігездік. Олар осылай өз жолын байлайды. Адамдардан қорықпаса да, Алладан қорқу керек", - деді әйел.

Алматы облысының полиция департаменті жасөспірімдерді іздеумен айналысатынын мәлімдеді. Олардың жеке басы анықталғанан кейін шара қабылданады. Полиция мәліметінше, оқиға Алматы облысының Қарасай ауданындағы Қырғауылды ауылында болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары