Жаңалықтар 26.08.2021 сағат 20:45

Вакцинадан вирустың жаңа штаммдары пайда болатыны рас па?

Коронавирустың жаңа түрлері жаппай вакциналаудан кейін пайда болды деген теория шындыққа жанаспайды, өйткені альфа, бета, гамма, дельта және тағы басқалары әлемде екпе егу науқаны басталғанға дейін табылған.
Вакцинадан вирустың жаңа штаммдары пайда болатыны рас па?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстандықтар SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа штаммдары вакцинадан кейін пайда болды деген ақпарат таратып жатыр. Алайда бұл жалған, деп хабарлайды Stopfake.kz.

"Бүгінгі күні коронавирусқа қарсы вакциналау SARS-CoV-2 жаңа штаммдарын тудыруы мүмкін екендігі туралы ешқандай дәлел жоқ. Біріншіден, әзірге ешқандай жаңа штамм пайда болмағанын атап өткен жөн. Альфа, бета, дельта, гамма және басқалары – вирустың түрлері. Түр мен штамм арасындағы айырмашылық – бастапқы патогеннің мутацияға ұшырау деңгейінде. Репликация жылдамдығына, вируленттілікке және басқа да сол сияқты сипаттамаларға әсер ететін шамалы өзгерістер жаңа түрлердің пайда болуына әкеледі", - деп жазады портал.

SARS-CoV-2 – SARS коронавирусының штамы. Олардың саны екеу: SARS-CoV-1 және SARS-CoV-2. Біріншісі ауыр жіті респираторлық синдром коронавирусын, екіншісі СOVID-19 тудырады.

Коронавирустың жаңа түрлері жаппай вакциналаудан кейін пайда болды деген теория шындыққа жанаспайды. Өйткені альфа, бета, гамма, дельта, эта, йота, каппа және лямбда әлемде жаппай егу науқаны басталғанға дейін табылған.

Басылым ақпаратынша, қазіргі кезде ең агрессивті саналатын "дельта" Үндістанда былтыр қазан айында анықталды. Ал халықты вакциналау тек 2021 жылдың қаңтарында, яғни үш айдан соң басталды.

Коронавирусқа қарсы вакциналар жаңа штаммдардың пайда болуына әкеп соқпайтынын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары да растады. Олар бұл теорияның ешқандай дәлелі жоқ екенін мәлімдеді.

Демек, SARS-CoV-2 жаңа түрлерінің пайда болуына жаппай вакциналау себеп болды деген ақпарат жалған, деп хабарлайды сайт.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар