$ 498.34  519.72  4.85

Педофилдің құрбаны болған ақтаулық 6 жасар қыздың денсаулығы күрт нашарлап кетті

Ақтауда педофилдің құрбаны болған 6 жасар қыздың жағдайы күн сайын нашарлап барады деп жазады Tengrinews.kz сәбидің әжесі Любовь Александровнаға сілтеме жасап.

"Қазір ауруханада оның ата-анасы және тағы бір әжесі бар. Қыздың жағдайы күннен күнге нашарлап барады, денесі ісініп жатыр. Егер бұрын бізді күніне екі реттен кіргізіп тұрса, қазір тек бір рет қана. Жарақаты тым ауыр. Өйткені, біріншіден оны қылқындырған. Екіншіден, ол бірнеше сағат бойы күннің астында жатып қалған. Миы өліп қалған деп айтуға болады", - дейді қыздың әжесі.

Естеріңізге салайық, аталған оқиға биыл 20 тамызда Ақтаудағы саяжайлардың бірінде орын алған болатын. Дүкенде ойнап жүрген 6 жасар қызды алдап сыртқа алып шыққан педофил оны адам көзінен таса жерге апарып, зорлаған. Жәбірленген қыз қазір Астанада ем қабылдап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары