28.08.2021, 10:20

Елімізде кейінгі тәулікте 6 233 адамнан коронавирус анықталды

2021 жылғы 27 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 564 783 адам салдырған.

Қазақстанда кейінгі тәулікте 6 233 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 233 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 773 934-ке жетті", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 602, Алматы қаласында - 1506, Шымкент қаласында – 246, Ақмола облысында – 258, Ақтөбе облысында - 420, Алматы облысында - 436, Атырау облысында - 315, Шығыс Қазақстан облысында - 191, Жамбыл облысында - 157, Батыс Қазақстан облысында - 115, Қарағанды облысында - 815, Қостанай облысында - 256, Қызылорда облысында - 177, Маңғыстау облысында - 213, Павлодар облысында - 335, Солтүстік Қазақстан облысында - 120, Түркістан облысында - 71.

2021 жылғы 28 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы.

Ал вакцинаға келер болсақ, 2021 жылғы 27 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 564 783 адам, 2-компонентін 5 283 826 адам салдырды.  

Тегтер: коронавирус