$ 449.58  486.94  4.86

Дәулет Теміржан Паралимпиаданың күміс медалін иеленді

Енді Қазақстан қоржынында бір "алтын", екі "күміс" бар.

Дзюдошы Дәулет Теміржан Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Olympic.kz.

73 келі салмақта белдесетін отандасымыз алғашқы кездесуінде әзербайжандық Газимов Рамилді ұтса, ширек финалда Рио Олимпиадасының қола жүлдегері және әлем чемпионатының жүлдегері, неміс Хоркас Николайдан басым түсті. 

Ақтық сынға жолдама үшін белдесуде грузиялық Калдани Джорджиді қапы қалдырды. Алтын жүлде үшін таласта өзбекстандық Рио Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Саидов Феруздан ұтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Олимпиада