29.08.2021, 14:42

Токиодағы паралимпиада: тағы бір спортшымыз күміс жүлде иеленді

Фото: Olympic.kz
Зарина Байбатина паралимпиада ойындарына алғаш рет қатысып отыр.

Токиодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан дзюдошылары кезекті жүлдесін жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әйелдер арасында 70 келіден жоғары салмақта сынға түскен Зарина Байбатина Паралимпиаданың күміс медалін иеленді. Финалда ол әзірбайжандық Дурсадаф Каримовадан ұтылды. 

Токио татамиінде Зарина Моңғолия және Италия балуандарын жеңген болатын. 

Айта кетелік, бұл Заринаның алғашқы Паралимпиадасы.