30.08.2021, 14:17

Тоқаев 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Фото: ашық дереккөзі
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы хабарлады.

Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдау жасайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында хабарлады.

«1 қыркүйек күні сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасайды», - деп жазды Б. Уәли.

Жолдауда елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылады.

Тегтер: Тоқаев жолдау