$ 494.87  520.65  4.91

Дауға айналған ҚазҰУ-дың жер теліміне қатысты сот аяқталды

Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов жеке компанияға өтіп кетті деген ҚазҰУ-дың жер теліміне қатысты жауап берді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов жеке компанияға өтіп кетті деген ҚазҰУ-дың жер теліміне қатысты жауап берді, деп хабарлайды baq.kz. Оның айтуынша, бұл мәселеге қатысты сот осы жылдың мамыр айында тиісті шешім шығарған. Соған сәйкес бұл жердің берілуі нақтыланыпты.

2017 жылы ҚазҰУ-дың жерінен 75 сотықтай жер телімі университеттің келісімімен «Амерест» компаниясына берілген. Бұл мәселеге қатысты сот болды. Сотқа сәйкес берілген жердің барлығы заңды деп есептелінді. Қазір бұл мәселе жабылған. Өйткені жердің берілуі ҚазҰУ-дың келісімімен болған. 2017 жылы тиісті жердің кадировкасы болып, 2017-2018 жылдары оған қатысты тиісті қаулы қабылданған. Ол қаулы ҚазҰУ-дың келісімімен болды. Келісімсіз әкімдік жағынан ешқандай қаулы қабылданған жоқ, - деді Самамбетов.

Еске салсақ, осы жылдың басында Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов көптен бері қоғамда резонанс тудырған оқу орнының аумағы 1,8 гектарға кішірейгенін айтқан болатын. Кейіннен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҚазҰУ жер учаскесінің 0,779 гектарға азаю фактісін растады. Министрлік әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі жер мәселесіне қатысты тексеріс жүргізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары