Алматыда жоғары лауазымды полицейге қоластындағыларды ұрды деп айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Kris_p_tdk тобында ақ футболка киген ер адам полиция формасындағы адамды ұрып жүргені түсірілген видео жарияланды. Видео сипаттамасында жас қызметкерлерді ұрып жатқан Наурызбай ауданы полиция бастығының орынбасары екені жазылған.
Алматы полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек бойынша қызметтік тексеру басталған, оның барысында бейнежазба зерттеледі және мән-жай анықталады. ПД тәртіптік комиссиясы кінәлілерді ішкі істер органдарынан шығаруға дейін қатаң шара қабылдайтыны айтылды.
Полиция бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов та қызметтік тергеу жүріп жатқанын айтты.