Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментін бес жыл бойы басқарған, отставкадағы азаматтық полковник Серік Хайрушев 63 жасында көз жұмды, деп хабарлайды lada.kz.
Серік Хайрушев 1958 жылы Атырау облысы Құрманғазы ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1981 жылы Шевченко қаласындағы тау-кен комбинатында бастаған. 1991 жылдан бастап Атырау желілік ішкі істер бөлімінің мемлекеттік өрт қадағалау инспекторы, бастықтың орынбасары, Атырау күзет отрядының бастығы, бастықтың орынбасары, «Өрт сөндіруші» РМК Атырау бөлімшесінің бастығы, Атырау облысы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы қызметін атқарған.
2008-2013 жылдары Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болған.