Талдықорғанда мектептің оқушы қыздары ауладағы орындықты түбімен қопарып, құлатты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқушылардың бұзақы әрекеті түскен бейнежазба алдымен әлеуметтік желіге тарады. Кадрда үш қыздың төбесі көлеңкеленген орындықты шайқап, артынша құлатып, қаша жөнеледі. Желі қолданушылары жасөспірімдердің бұзақылық әрекетіне теріс пікір жазды.
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Талдықорған полициясы жедел-іздестіру кезінде 14,15 және 17 жастағы қаланың қыздарын анықтаған. Істің мән-жайын анықтау үшін олар тәртіп сақшылардың бөлімшесіне жеткізілген.
«17 жастағы тұрғынның үстінен ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік шара қолданылды. Барлық қыздар мектептегі полицияның тізіміне алынды»,- деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен.